Елордада жолаушылар мінген автобус өртеніп кетті (ВИДЕО)
Астанадағы автобустан өрт шығып, жолаушылар шұғыл эвакуацияланды
Астанадағы Есіл ауданында Әл-Фараби даңғылы бойымен жүріп келе жатқан бағыттық автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқан.
Абырой болғанда, өрт сөндірушілер жеткенге дейін барлық жолаушы автобустан өздігінен шығып үлгерген. ТЖМ қызметкерлері өртті қысқа уақыт ішінде толық сөндіріп, жалынның көлікке толық таралуына жол бермеді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...