"Енді теңін тапты": Қайрат Нұртастың анасы қалыңдықпен түскен суретінен кейін үндеу жасады

Желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс қалыңдықпен түскен видеосы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Желі қолданушылары сүйікті әншісінің іс-әрекетін қызу талқылап жатыр.
“Жұлдыздай бола алмайсың-ау сен", "Екінші әйелі осы шығар", "Не болып жатыр мына жақта", “Өз теңін тауыпты”, “Неге әйелі бар еркекке құмар екен?!”, "Жай жарнама секілді", "Байлық не істетпейді", – деп жазды көпшілік.
Алаңдаған жұрттың уайымын әншінің анасы басты. Сөзінше, ол келіншекті таниды екен.
“Қоя салыңдаршы! Той көйлегін жарнамалау үшін түсірілімге шақырған. Ол әйелдің отбасы мен бала-шағасы бар. Күйеуі бар келіншек. Үйленіп кететіндей шулап жатырсыздар. Не болса соны жаза бермеңіздер! Видеоға музыка қойып, монтаждаудың керегі жоқ. Хайп жинап қайтесіңдер”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Соңғы жаңалықтар





