Енді ҰҚК Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін бақылайды

26.12.2025 11:03 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Енді ҰҚК Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін бақылайды
0
150
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінен ҰҚК-ға аса маңызды объектілердің ақпараттық қауіпсіздігін бақылау функциясы берілді.

Тоқаев «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. 

«Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін. Ұлттық қауіпсіздік комитеті берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын», - делінген Тоқаев жарлығында.

Енді ҰҚК ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру және басқа да қауіпті схемаларды анықтау үшін деректерді басқа мемлекеттік органдармен бөлісе алады.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий