«Ененің сайқал саясаты болу керек». Жанар Айжанова жастардың неге ажырасатынын айтты

12.10.2026 • 14:38 Мөлдір ҚАЙНАР
«Ененің сайқал саясаты болу керек». Жанар Айжанова жастардың неге ажырасатынын айтты
87
Фото: әлеуметтік желі

Актриса әрі әнші Жанар Айжанова жас отбасылардың жиі ажырасуы мен ене мен келін қарым-қатынасына қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі бұл туралы «Айтарым бар» подкастында айтты. Оның сөзінше, шаңырақты сақтап қалу үшін үлкендерге ерекше айла мен сабыр қажет.

«Қазір жастардың өмірге көзқарасы басқа. Аңдап сөйлеп, ақырын басып, ыңғайлану керек. Ененің сайқал саясаты болу керек. Екі жақты бірдей ұстайтын, өзіңді сыйлататын саясатың болғаны жөн. Келін ақсаусақ болса, ақырындап үйрету керек. Күйеубала да сондай, ол да біреудің ерке баласы. Оны да бауырға тартқан дұрыс. Бәрі басымнан өтті. Ал жастардың ажырасып жатқаны — өте қайғылы нәрсе» деді ол.

Сондай-ақ өнер иесі кез келген отбасылық кикілжіңді ақылға жеңдіріп, жастарға дер кезінде басу айта білу тек үлкендердің парасатына байланысты екенін атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий