Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін тергеу басталды
725
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша Ербаянның өлімінен кейін тергеу басталған.
«Тәртіптік жаза шараларын Ұлттық ұлан басшылығы қолданады. Ал тексеру жүргізу Ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатады», – деді ол.
Жазықбаевтың айтуынша, Қорғаныс министрлігі өз тарапынан жеке тексеру жүргізбейді. Істі әскери прокуратура мен басқа да уәкілетті органдар тексеріп жатыр.
Оның сөзінше, қылмыстық істі тергеу қорытындысы шыққаннан кейін кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Тәртіптік шаралар да қолданылады.
Айта кетейік, күні кеше әскерден мүгедек болып оралған Ербаян Мұхатр қайтыс болды. Ербаян қайтыс болғаннан кейін оның денесін сот-медициналық сараптамаға апарған. Сол кезде туыстары мен полицияның арасында жанжал болды.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...
25.09.2026
15:47
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан ...
25.09.2026
15:30
«Әділет» партиясы әскерилердің отбасыларына көм...
25.09.2026
14:34
Каспийде аман қалған үш сарбаздың бірі жағаға ө...