Эрдоған Италья премьер-министріне темекіні тастауға кеңес берді

Реджеп Тайып Эрдоған мен Италия премьер-министрі Джорджиа Мелони арасында қызық әңгіме болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Дәлірек, Эрдоған Мелониге шылым шекпеуге кеңес беріпті. Бұл Египетте өткен жиында орын алды. Шарада Газадағы мәселелер талқыланған.
«Ол өте тамаша, бірақ темекіні тастау керек», – деді Эрдоған.
Мелони Президенттің сөзіне ренжімеген секілді. Сөзін растап, жымия жауап қатты.
«Иә, білемін, білемін», – деді Мелони.
Эрдоған бұған дейін де темекі шегуге қарсы екенін ашық айтқан. 2009 жылы елде қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынған заң күшіне енді. Ал 2020 жылы коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында елдің Ішкі істер министрлігі халық көп жиналатын орындарда темекі шегуге толық тыйым салды. Бұл ғана емес. Жұмыс орындарында ұжым болып зиянды затты тұтынуға қарсылық білдірген еді.
Соңғы жаңалықтар





