Ерке Есмахан күйеуі Раймға жазба арнап, қыздарға тілек айтты

03.08.2026 12:31 Мөлдір ҚАЙНАР
Ерке Есмахан күйеуі Раймға жазба арнап, қыздарға тілек айтты
277
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарын толғандырған жаңа жазба жариялап, күйеуі Раймға деген сезімін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі өмірде де, сахнада да сынынан сүрінбей келе жатқан жарының қолдауына ерекше тоқталып, өзге аруларға да осындай бақыт тіледі.

"Ел біледі… Менің өнерде де, өмірде де арқасүйерім, қолдаушым, демеушім, мені “әлемнің ең кереметіне теңеушім” – Райм екенін. Барлығы үшін рахмет. Сүйем сені! Тек менде күйеу бардай, “күйеуім күйеуім” деп айта беретінім де осы. Қыздар, сіздерге де дәл осы видеодағыдай қанатыңды қақтырып, биікке ұшыратын жар тілеймін", – деді ол.

Сонымен бірге әнші азаматтың болмысы жасқа емес, сана-сезімі мен жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.

"Еркек болу жасқа қарамайды! Ер адамның ата-анасының жағдайын жасап, сыйлап, жақындарына көмек беріп, әйелі, балаларына қамқор болып, қоғамда өз орынын табу тек санасына байланысты деп білемін. Ер азаматтар аман болсын!", – деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың арасындағы сыйластыққа сүйсініп, жылы лебіздерін жаудырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий