"Ешкімге ұнамайды". Баян Алагөзова Жұбаныш Жексенұлы жайлы бар шындықты айтты

28.07.2025 10:29
0
231
коллаж alash.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты дауға пікір білдіріп, оны қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Skifnews.kz ақпарат порталының хабарлауынша, продюсер Instagram желісінде жариялаған бейнежазбасында өнер адамдарына құрметсіздік танытатын қоғамды сынға алды.

Алагөзованың сөзінше, әуежай, мейрамхана, вокзал секілді көпшілік орындарда өнер адамын жасырын видеоға түсіру – дұрыс емес.

"Әр адамның, соның ішінде әртістердің де жеке кеңістігі бар. Олар да шаршайды, күйзеледі, ренжиді. Осындай сәтте біреу келіп, үн-түнсіз камера қосып видеоға түсіре бастаса немесе селфи сұраса, бұл кез келген адамға ұнамасы анық", – деді продюсер.

Ол өнер иелерінің де адам екенін, олардың да сезімі мен көңіл-күйі болатынын еске салды.

"Кейде әртістердің көңілі болмай тұруы мүмкін. Ондай кезде суретке түсу, сөйлесу оларға ауыр болуы ықтимал. Кейбіреулер рұқсат та сұрамай, жай ғана телефонын қосып түсіре береді. Сондай кезде мен өзім де үнемі сұраймын: “Рұқсат алдың ба? Мүмкін мен фотоға түскім келмей тұрған шығар", – дейді Баян Алагөзова.

Алагөзова қоғамда танымал тұлғалардың әрекеті жиі сынға ұшырайтынын, ал жағдайды бастаған екінші тараптың еленбей қалатынын атап өтті.

"Біз Жұбаныштың басында нақты не болғанын білмейміз. Бірақ біреу келіп, камерасын қосып, "селфи жасайық" десе, адам ашулануы мүмкін. Бұл – адамдық реакция. Бірақ танымал адам болған соң, жұрт тек соны сөз етеді. Меніңше, мұндай жағдайда екі тарап та жауапкершілікпен қарауы тиіс", – деді ол.

Баян Алагөзова желі қолданушыларының біреудің сәтсіздігіне қуанып, оны аяқасты ететін әрекетін де сынға алды:

"Қоғамда біреудің басына қиындық түссе, жұрт соған мәз болып, жаппай жамандай жөнеледі. Көп жағдайда жағдайдың мән-жайын білмей жатып, баға беруге асығады. Бұл – қайталанып келе жатқан жаман әдет. Біреуді “таяқ жеуге ыңғайлы” етіп алады да, тоқтамай үстінен жүреді. Мен Жұбанышқа күш-қайрат тілеймін", – деп аяқтады ол сөзін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий