«Ешкімнің жарын тартып алғам жоқ»: Олжас Абай желідегі сындарға жауап берді
«Таптым-ау сені» фильмінің жұлдызы, жуырда актриса әрі продюсер Дариға Бадықоваға үйленген танымал актер Олжас Абай әлеуметтік желідегі хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі отбасылы әйелді тартып алды деген қауесеттерге нүкте қоюды ұйғарған.
«Ешкімнің жарын тартып алғам жоқ, өзім сияқты тағдыры талаған адамды құдайдан сұрап алдым», — деп жазды ол Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде.
Айта кетейік, былтыр қазан айында Дариға Бадықова алғаш рет ажырасқаны жайлы айтқан болатын. Актриса отбасылық өмірінің құпиясын бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатынан кейін ашуға бел буған. Ол өз некесінің бақытты болмағанын, ал іс жүзіндегі ажырасу ресми түрде бекітілгенге дейін әлдеқайда бұрын орын алғанын жеткізген еді. «Біз жай ғана бір үйде тұрдық», — деген еді өнер иесі.
Арада бір жыл өткен соң, биыл күзде Дариға Бадықова мен Олжас Абай дүркіретіп той өткізді. Көп ұзамай актрисаның бұрынғы күйеуі де қайта шаңырақ көтергенін мәлімдеген болатын.
Соңғы жаңалықтар