Футболды сынаған Қуат Хамитовты Қазақстан құрамасының қақпашысы көкпарға шақырды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитовты көкпардан күш сынасуға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қақпашының айтуынша, ол ұлттық құраманы жиі сынға алатын Қуат Хамитовқа осылай жауап бергісі келген.
«Мен – футболшымын, ол – төбелесетін адам. Егер мен рингке шықсам немесе ол футбол алаңына келсе, екеуміз тең боламыз. Ол – қазақ. Бізде ұлттық спорт бар, ол – көкпар. Сол себепті мен ағамды көкпардан күш сынасуға шақырамын», – деді Мұхамеджан Сейсен.
Айта кетсек, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы әр сәтсіз ойын өткізген сайын Қуат Хамитов команданы қатты сынға алып, бұл спорт түріне көп қаржы бөлінуін орынсыз деп санайтынын жиі айтып келеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
17:57
Жезқазғанда «Қазақмыс» өндірісті бір жерден бақ...
21.10.2026
17:13
«Өнерде 40 жыл»: Бақыт Шадаева сахнаға қайта ор...
21.10.2026
17:09
«Тісін сындырып, шашын қиған»: Ақтауда күйеуіне...
21.10.2026
17:07
Зеленский соғысты тоқтату үшін жерінен бас тарт...
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...