«Ғашық болып қалдым»: Медеу Арынбаев жеке өмірі туралы айтты

11.11.2025 12:37 Мөлдір Талғат
«Ғашық болып қалдым»: Медеу Арынбаев жеке өмірі туралы айтты
0
295
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Медеу Арынбаев

Танымал әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Медеу Арынбаев жұбайы Айгүлдің қазасынан кейін алғаш рет жеке өмірі жайлы сыр шертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі бұл туралы Jibek joly телеарнасына берген сұхбатында айтып, өміріндегі ең ауыр кезеңдер мен өткенге деген сағынышын жасырмады.

Әншінің сөзінше, Айгүл екеуінің махаббаты шынайы сезімнен басталып, 12 жыл отасқан өмірінде ұл мен қыз тәрбиелеген.

«Бір көріп ғашық болдым, 20-дан асқанмын. 12 жыл отау құрдық, ұлды-қызды болдық. Дүние салғанына биыл 15 жыл. Өтіп жатқан уақыт», — деді ол сұхбатында.

Медеу Арынбаев адалдық пен өмірдегі сабырдың маңызын айта отырып, әйелі дүниеден озғаннан кейінгі жылдары өзіне лайық адам табуға тырысқанын, алайда ешкімнің жүрегінде Айгүлдің орнын баса алмағанын мойындады.

«Қаншама әндер шығып жатыр, адалдық. Мен де сол көрсеқызарлыққа салынбады дейсіздер ме? Қаншама жанға әуестенбеді дейсіздер ме? Бірақ болмады. Айгүл дүние салғаннан кейін алғашқы 5 жылда ғашық та болып көрдім. Жолықпады емес, ондай жағдайлар болды. Бірақ Айгүлдей болмады, оны неліктен солай болғанын түсіндіре алмаймын», — деп ағынан жарылды әнші.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий