Гүлзира Айдарбекова келініне қатысты сұраққа жауап берді

Гүлзира Айдарбекова келініне қатысты сұраққа жауап берді
16.10.2025 19:20
0
123

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесінен оқырмандары келіні Жұлдыз және оның ата-анасымен неге араласпайтындарын сұрады. Тіпті тойға да келмегенін жазды.

“Тойларыңа Жұлдыз келген жоқ. Нағыз бай-бағлан болыпсыңдар. Жұлдыз бен кішкентай Рабия қайда?! Сол екеуі де торттан ауыз тимей ме?! Әулеттің үлкендерінің осындай іс-әрекеті дұрыс па”, – деп сұрады продюсердің оқырманы.

Өз кезегінде Гүлзира Үсенқызы оқырмандарын алаңдатқан сауалға жауап берді.

Жұлдыз жаңа босанған жоқ па?! Келсе біз кеудесінен итерер ме едік, бұл не сұрақ?! Сосын біреудің отбасында не шатақтарыңыз бар, әр адамның өз қалауы бар емес пе?! Сіз менің ұрпағыма менен еш жақын емессіз, сізге қажеті де жоқ”, – деп ашуланды продюсер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий