Гүлзира Айдарбекова отадан кейінгі жағдайын айтты

30.04.2026 10:21 Мөлдір Қайнар
Гүлзира Айдарбекова отадан кейінгі жағдайын айтты
191
Фото: коллаж Politico.kz

Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде денсаулығына қатысты маңызды жаңалығын бөлісіп, ұзақ уақыт бойы өтіндегі тастарды алдыруға батылы жетпей жүргенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның сөзінше, алдағы уақытта жиі әуе сапарлары жоспарланғандықтан, денсаулығына алаңдаушылық күшейген. Әсіресе ұшақ ішінде жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген қауіп оны шешім қабылдауға итермелеген.

«Қанша жылдан бері өтімді түгел алдыруға қимай жүрдім. Бір үмітпен тасын ғана алатын емші табылар деп күттім. Бірақ алда жиі ұшулар бар, ұшақта приступ болса не істеймін деп уайымдадым», – дейді ол.

Продюсердің айтуынша, дәрігерді таңдауы да тосын жағдаймен байланысты болған. Түн ортасында оянып, әлеуметтік желіні қараған сәтте қажетті маманның парақшасы алдына шыққан.

«Түнгі сағат 4:30 шамасында шошып ояндым. Телефонды алып, Instagram ашсам, алдымнан доктор Руслан шықты. Барлық пікірлерді қарап, бірден осы кісіге барамын деп шештім. Таңертең хабарласып, келетінімді айттым», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Операция сәтті өткенін айтқан ол, небәрі бір күннен кейін үйіне шығарылғанын жеткізді. Сондай-ақ, көпшілікке қолдау көрсетіп, дұға жасағандары үшін ризашылығын білдірді.

«Бәрі сәтті өтті, бүгін үйге шығып жатырмын. Екінші елден дұға сұраймын, тілектеріңіз қабыл болсын. Алла баршаңызға саулық берсін», – деді продюсер.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий