«Халық үшін істедім»: «Дикий Арманның» түрме ішіндегі видеосы тарады
1233
Әлеуметтік желіде Қаңтар оқиғасынан кейін 20 жылға сотталған «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевтің видеосы тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Желіде жарияланған кадрларда ол өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдіріп, әрекеттерін жоққа шығарады.
«Шындық ерте ме, кеш пе ортаға шығады. Құран ұстап тұрып, ант етемін. Ешқандай қастандық болған емес, мемлекет пен халыққа қарсы шыққан емеспін. Не істесем де бәрін Алла мен халық үшін істедім», – дейді Арман Жұмагелдиев видеода.
Бұл видеоның қашан түсірілгенін анықтау мақсатында Politico.kz Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдаған.
Комитет өкілдері сотталған азаматтың түзеу мекемесіне сақалсыз жеткізілгенін алға тартып, бұл видеоның бұрын түсірілгенін хабарлады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...
14.10.2026
18:25
Тоқаев Ерлан Қаринді қабылдап бірқатар тапсырма...