Халыққа 50 сотықтан жер үлестірілмек

26.01.2026 13:21 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Халыққа 50 сотықтан жер үлестірілмек
289
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстанда жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан 4,8%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы ел Президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді. Дегенмен Мемлекет басшысы алда атқарылар жұмыс әлі де жеткілікті екенін атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Реформалардың негізгі тірегі ретінде махаллалар белгіленді. Президенттің айтуынша, егер махаллада жұмыссыздық сақталса, бұл өзгерістердің ол жерге жетпегенін көрсетеді. Осыған байланысты енді махаллалардағы жағдай үшін әкімдер тікелей жауап береді.

Маңызды жаңалықтың бірі – ауыл тұрғындарына 50 сотыққа дейін жер телімін беру бастамасы. Әсіресе «қиын» деп танылған 903 махаллада үй іргесіндегі және жалға берілетін жерлер тиімді айналымға қосылады. Суару жүйесі жүргізіліп, тұқым-көшетпен қамтамасыз етілген жағдайда, бұл жерлер бақша мен шағын шаруашылыққа айналып, халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бос жер телімдері мен мемлекеттік нысандар бастапқы бағасынан 2–3 есе арзан бағамен сатылатын болады. Мақсат – адамдарды жерден табыс табуға бейімдеу.

Тәжірибелі фермерлер ауыл тұрғындарына «шефтік» жасап, егін егу, өнім алу және оны экспортқа шығаруға дейін үйретеді. Экспортқа өнім шығарған әр 10 отбасы үшін фермерлерге 2 млн сум, ал жоғары нәтиже көрсеткендерге қосымша 75 млн сум сыйақы қарастырылған.

Президент 2026 жылға дейін:

1 миллион адамды жұмыспен қамтуды,

181 мың отбасын кедейліктен шығаруды,

кедейлік пен жұмыссыздықты 4,5%-ға дейін төмендетуді мақсат етіп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий