Имам туған күнде неліктен шам үрлеуге болмайтынын түсіндірді

Имам туған күнде неліктен шам үрлеуге болмайтынын түсіндірді
20.10.2025 13:25
0
382
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық имам туған күнде неліктен шам үрлеуге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Белгілі имам және әлеуметтанушы Тимур Алиев мұсылмандардың туған күнді тойлауына шариғатта тыйым салынбағанын, алайда бұл дәстүрдің кейбір батыстық элементтерінен аулақ болу керектігін айтты. Әсіресе, торт үстіндегі шамды үрлеп, тілек тілеу дәстүрі шариғатқа қайшы келеді.

Имам бұл туралы өзінің видеоүндеуінде мәлімдеді. Оның сөзінше, Мысырдың «Дар әл-Ифта әл-Мисрия» пәтуа үйінің ғалымдары туған күнді тойлауды халал деп санайды. Олар бұл пікірін «Мәриям» сүресіндегі аяттарға және Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өз туған күнін еске алған хадистеріне сүйеніп негіздейді. Иорданияның пәтуа үйі де осыған ұқсас пікірді ұстанады.

«Осы пәтуаларға сүйене отырып, туған күнінде достарымен бірге үйде немесе дәмханада халал дастархан басында жиналуға рұқсат етіледі. Егер сізге сыйлықтар берсе немесе құттықтаса, мұның еш сөкеттігі жоқ. Бірақ батыс мәдениетіндегідей шамдарды үрлеп, тілек тілеуге рұқсат етілмейді. Бұл шариғатқа сәйкес келмейді», – деп атап өтті Тимур Алиев.

Кейбір деректер бойынша, бұл тыйымның астарында терең тарихи және діни себептер жатыр. Шам үрлеу дәстүрінің тамыры ежелгі пұтқа табынушылық ғұрыптардан бастау алады. Бір нұсқа бойынша, бұл дәстүр ежелгі гректердің Ай құдайы Артемиданың құрметіне дөңгелек торт пісіріп, үстіне шам жағуымен байланысты. Шамның жарығы Айдың сәулесін, ал оның түтіні тілектерді құдайларға жеткізеді деп сенген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий