«Құны 33 миллион теңге»: Мөлдір Мұқановаға қымбат әшекей сыйлады

15.10.2026 • 10:06 Мөлдір ҚАЙНАР
«Құны 33 миллион теңге»: Мөлдір Мұқановаға қымбат әшекей сыйлады
199
Фото: видеодан скриншот

Танымал тележурналист Гүлбаршын Зайырова әнші әрі актриса Мөлдір Мұқановаға күтпеген жерден бағалы сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желіде бөліскен өнер иесі бұл сыйлықты той үстінде алғанын айтты. Оның айтуынша, мойнына таққан бұйым әлемге әйгілі брендтің түпнұсқасы болып шыққан.

«Мәә, қатты қуанып тұрмын. Мен үшін де бүгін тосынсый болды. Мойнымдағы әшекейге назар аударайық. Мүшелден мүшелге аман-есен жете бер, әпке! Оригинал Tiffany, құны бір машина», — деп ағынан жарылды актриса.

Сондай-ақ ол бұл әшекейдің бағасы шамамен 33 миллион теңге тұратынын жеткізді.

Мәлім болғандай, Гүлбаршын Зайырова мүшел жасқа толуына орай өзінің бағалы дүниесін жақын тұтқан сіңлісіне сыйға тартуды ұйғарған. Күтпеген сыйлыққа тәнті болған Мөлдір Мұқанова журналистің жомарттығына ризашылығын білдірді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий