Иранға жасалған шабуылдар салдарынан 800-ге жуық адам қаза тапты

03.03.2026 16:20 Мөлдір Талғат
Иранға жасалған шабуылдар салдарынан 800-ге жуық адам қаза тапты
165
© REUTERS

Иран аумағына жасалған америкалық-израильдік соққылар басталғалы бері елде жүздеген адам қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының мәліметінше, шабуылдар салдарынан 787 адам көз жұмған.

Ал АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists in Iran (HRANA) құқық қорғау ұйымы қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Ұйым дерегінше, әуе шабуылдары мен зымырандық соққылар нәтижесінде 742 бейбіт тұрғын мерт болған, олардың арасында 176 бала бар.

Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрлігі Израиль әскері Тегеран қаласындағы Ганди ауруханасына соққы жасады деп мәлімдеді. Алайда Израиль қорғаныс армиясы бұл айыптауды жоққа шығарып, «аурухана нысанаға алынған жоқ» деп хабарлады.

Аймақтағы жағдай әлі де шиеленісті күйінде қалып отыр. Халықаралық ұйымдар тараптарды бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскери әрекеттер кезінде халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтауға шақыруда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий