“Ішкі туризмді қалай дамытамыз?”: Танымал блогер ішкі рейстердің қымбаттығына наразылық білдірді
Қазақстандық блогер Әли Ермағамбетов елдегі ішкі рейстер бағасының қымбаттығын сынға алып, бұл мәселенің ішкі туризмнің дамуына кері әсер етіп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Астана–Атырау бағыты бойынша әуе билеттерінің бағасы кейде 135 мың теңгеге дейін жететінін айтып, дәл осындай сомаға Еуропаға, тіпті Лондонға ұшуға болатынын мысалға келтірді.
Блогердің айтуынша, Қазақстан ішінде демалу кей жағдайда шетелге шыққаннан да қымбатқа түседі. Сондай-ақ ол елдегі көлік пен кейбір қызмет түрлерінің бағасы да көрші мемлекеттермен салыстырғанда жоғары екенін атап өтті.
Әли Ермағамбетов мұндай жағдайды нарықтағы бәсекелестіктің төмендігімен байланыстырды. Оның пікірінше, егер елде шынайы бәсекелестік күшейсе, баға арзандап, қызмет сапасы да жақсара түсер еді.
Сонымен қатар блогер шетелдік инвесторларды тарту және нарыққа жаңа компаниялардың келуіне жағдай жасау қажет екенін айтты.
Желіде тараған бұл пікірлерден кейін әлеуметтік желі қолданушылары ішкі туризм, әуе билеттерінің бағасы және елдегі қымбатшылық мәселесін қызу талқылай бастады.
Соңғы жаңалықтар