Қарағандыда студентті жатақхана алдында көлік қағып кетті (ВИДЕО)
Қарағандыда студенттің өліміне қатысты тергеу басталды
Қарағанды қаласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болып, Бөкетов атындағы университеттің студенті қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдай түнгі уақытта Университетская көшесінде, жатақхана маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылы туған бойжеткен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған кезде оны «Лада» автокөлігі қағып кеткен. Соққының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті 33 жастағы жүргізуші басқарған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты студенттер жатақханасының дәл қарсы бетінде болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.11.2026
16:31
Словакияда төрт қазақстандық ұсталды
21.11.2026
13:29
FlyArystan жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін с...
21.11.2026
12:10
Қостанайда мектептегі зорлық ісіне қатысты заңг...
21.11.2026
11:17
ШҚО-да жол жөндеу кезінде адамның сүйегі табылды
21.11.2026
10:21
Дүниеге келе сала жол апатына түскен сәбиді дәр...
21.11.2026
09:52
Ақтөбеде адам ұрлады деген бес кісі сотталып жатыр