Украинаға жаппай шабуыл: Киевке 700-ден астам ракеталар мен дрондар соққы берді
Украина аумағында түнде жаппай ракеталық-дрондық шабуыл тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Негізгі соққы Киев қаласына бағытталған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ел аумағына 50-ден астам ракета мен 700-ге жуық дрон жіберілген. Шабуыл кезінде «Искандер» баллистикалық ракеталары, Х-101 қанатты ракеталары, «Циркон» гипердыбыстық зымырандары және «Герань-2» дрондары қолданылған.
Соққылар әскери инфрақұрылым нысандарына, өнеркәсіп және мемлекеттік ғимараттарға бағытталғаны айтылады. Киевтің әртүрлі аудандарында жарылыстар тіркеліп, кемінде 10 тұрғын үй зақымданған. 20-дан астам адам жарақат алып, кемінде бір адамның қаза тапқаны хабарланды.
Жарылыстар Черкассы, Кировоград, Полтава, Сумы, Хмельницкий және басқа да облыстарда да болған. Сондай-ақ Староконстантиновтағы әскери әуежайға соққы жасалғаны айтылуда.
Кейбір деректерде «Орешник» кешенінің қолданылуы мүмкін екені жазылған, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.
Соңғы жаңалықтар