«Іштегі жексұрынды шығарыңдар, қыздар»: Айшолпанның жаңа образы желіні дүр сілкіндірді

17.12.2025 09:42 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Іштегі жексұрынды шығарыңдар, қыздар»: Айшолпанның жаңа образы желіні дүр сілкіндірді
0
58
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Блогер әрі актриса Айшолпан Байтүгел әлеуметтік желідегі жаңа фотосессиясымен көпшіліктің қызу талқысына түсті. Қара пантера стилінде жасалған батыл образ желі қолданушыларын бейжай қалдырмады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Фотосуреттерде Айшолпан мүлде басқа қырынан көрінеді. Қара түсті, жыртқыш кейіпке жақын образ, өткір көзқарас пен еркін позалар оның жаңа эстетикасын айқындай түскен. Жазбасында блогер: «Енді ойын менің ережеммен болады» деп, бұл образдың саналы түрде таңдалғанын аңғартты.

Алайда желі екіге жарылды. Бірі Айшолпанның батылдығын, өз-өзіне сенімділігін жоғары бағаласа, енді бірі бұл өзгерісті тым ерсі көрді.

Пікірлер арасында:


«Әпше, тыныштық па?»«Сабинаға дем салғызғансыз ба?»«Айшолпан абайла, жігіттер алып қашып кетер»,
«Іштегі жексұрынды шығарыңдар, қыздар» деген әзіл мен сын аралас жазбалар көптеп кездесті.

Кейбір қолданушылар қоғамның әйел еркіндігіне әлі де дайын емес екенін атап өтсе, басқалары Айшолпанның бұл қадамын өзін-өзі қабылдаудың, ішкі еркіндіктің көрінісі деп бағалады.

Қалай болғанда да, Айшолпанның жаңа образы бейжай қарауға келмейтіні анық. Ол тағы да көпшіліктің назарын өзіне аударып, қоғамдағы талғам, еркіндік пен батылдық туралы пікірталасты күшейтті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий