«Камера жоқ жерде ұрады»: Психикалық орталықтағы қарттарға қатыгездік жасалды деген мәлімдеме тексерілуде
Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығында әлеуметтік желілерде тараған қарт науқастарға күш қолданылды деген мәліметке байланысты қызметтік тексеріс басталады, деп хабарлайды Politico.kz.
Желі қолданушыларының айтуынша, орталық қызметкерлерінің бірі ерлер бөліміндегі егде жастағы пациенттерге қатыгездік танытып, бейнебақылау камералары жоқ жерлерде ұрып-соққан. Бұл ақпарат қоғамда қызу талқыланып жатыр.
Мекеме әкімшілігі қазіргі уақытқа дейін пациенттерден немесе олардың туыстарынан ресми шағым түспегенін мәлімдеді. Соған қарамастан, әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттың анық-қанығын білу үшін қызметтік тергеу жүргізілетінін хабарлады.
Орталық өкілдерінің мәліметінше, пациенттер мен олардың жақындары қолдау қызметінің 666-103 нөміріне хабарласып, шағым немесе өтініш қалдыра алады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...