«Канн фестивалінен Оскарға дейін!»: Динара Сатжан Баян Алагөзованы мерейлі жасымен құттықтады

09.01.2026 16:30 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Канн фестивалінен Оскарға дейін!»: Динара Сатжан Баян Алагөзованы мерейлі жасымен құттықтады
0
148
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Бүгін 2026 жылғы 9 қаңтарда танымал қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова 52 жасқа толды. Өнер иесін осы айтулы күні алғашқылардың бірі болып тележүргізуші әрі медиатұлға Динара Сатжан құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz

Динара Сатжан әлеуметтік желідегі парақшасында жылы лебізін білдіріп, Баян Алагөзованың тұлғалық болмысын ерекше атап өтті.

«Сенің жан дүниең кең, жүрегің мейірімге толы. Әзіл сезімің де керемет – сенің жаныңда әрдайым жылы әрі жеңіл. Тұрсенмен бірге ұзақ, бақытты, үйлесімді ғұмыр кешуіңе тілектеспін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ тележүргізуші Баян Алагөзованың шығармашылық жолына сәттілік тілеп, үлкен белестерді бағындыруына ниеттестігін білдірді.

«Барлық армандарың орындалсын! Алда “Оскар” мен “Канн фестивалі” секілді әлемдік биіктер күтіп тұрсын. Мен сені өте жақсы көремін», – деп жазды Динара Сатжан, құттықтауымен бірге екеуінің архивтік фотосуреттерін де жариялады.

Бұл жазба желі қолданушыларының ыстық ықыласына ие болды. Оқырмандар пікір қалдырып, қос аруға сүйіспеншіліктерін білдірді.

«Қандай керемет жандар! Мақтан тұтамын», «Жыл өткен сайын жасарып барады, осылай әдемі қартаю баршамызға нәсіп етсін», «Баян да, Динара да – мәдениетті, әдемі, табысты әйелдер. Әйел қауымына үлгі», «Қазақтың бренд қыздары», «Қазақ әйелінің болмысын әлемге дәлелдей алатын тұлғалар» деп жазды олар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий