Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген қылыш қымбатқа сатылып кетті

20.02.2026 16:09 Әсел Мұрат
Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген қылыш қымбатқа сатылып кетті
61
Фото: e-qazyna.kz

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген самурай қылышы аукционда 3 413 825 теңгеге өтіп кетті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қылыштың бастапқы бағасы  461 312 теңге болған еді.

Бүгін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатылымға екі құнды бұйым шығарды. Оның бірі — Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген самурай семсері, екіншісі — арнайы қорапқа салынған, ұлттық өрнекпен көмкерілген былғары белдік.

Сауда электронды платформада ұйымдастырылды. Самурай қылышының жүзі болаттан соғылған, сабы геометриялық бедерлі өрнектермен безендірілген. Аукционға алты адам қатысып, әрқайсысы 69 мың теңге көлемінде кепілдік жарна енгізген. Нәтижесінде қылыш өзінің бастапқы бағасынан жеті есеге қымбатқа сатылды.


Аукционға қойылған екінші лот — металл және күміспен қапталған, ұлттық нақыштағы былғары белдік. Оның бастапқы құны 183 750 теңге болса, сауда қорытындысында 524 261 теңгеге сатылған. Бұл бұйым үшін төрт үміткер таласты.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде ұсталған болатын. 2023 жылдың сәуірінде Астана қаласының соты оны мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Осылайша, Мәсімовтің мүлкін сатудан түскен қаражат мемлекет кірісіне бағытталуда.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий