"Келінжан" сериалының жұлдызы Нұргүл Мыңғатова қызды болды
1082
Танымал актриса, Келінжан сериалы арқылы көпшілікке танылған Нұргүл Мыңғатова қызды болғанын хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көптен күткен сәбиінің аман-есен дүниеге келгенін жеткізді.
«Сүйінші! Шиқылдағым аға болды, қарындасы аман-есен дүниеге келді. Біздің көптен күткен ханшайымымыз. Аллаға шүкір. Күтіп жүрген жандарға жұғысты болсын. Кішкентай Балқия. Барлық құттықтауларыңызға рақмет», – деп жазды актриса.
Жазбаға қарағанда, сәбидің дүниеге келген күні – 30 сәуір. Қуанышты хабар желі қолданушылары мен өнер өкілдері арасында кеңінен таралып, көпшілік актрисаны жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды.
«Ханшайымның бауы берік болсын», «Бауы берік, салихалы ұрпақтан болсын», «Құтты болсын, қуаныштымыз», «Тәтті балапанның бауы берік болсын», – деген жылы лебіздер жазылды.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
18:16
«Ұлым үйдің үлкені еді»: Каспийде қаза тапқан Ө...
25.09.2026
18:13
«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс минис...
25.09.2026
17:49
"Да вы что?": Қорғаныс министрлігі Қосановтың к...
25.09.2026
17:17
Жетісу облысындағы алапат өрт: үш бала тірідей ...
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...