«Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішеміз» деген қырғыз қыздары тергеуге ілікті

12.10.2026 • 12:38 Әсел МҰРАТ
«Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішеміз» деген қырғыз қыздары тергеуге ілікті
153
Фото: ашық дереккөз

Кенесары хан туралы даулы мәлімдеме жасаған Қырғызстанның екі студентіне қатысты Қазақстанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев мәлім етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі тергеудің басталғанын ресми хат арқылы растаған.

«Бүгін олардың үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және Қазақстан заңнамасына сәйкес қажетті тергеу амалдарын жүргізу жұмыстары қолға алынды. Ішкі істер министрлігінен осындай мазмұндағы хат алдым. Қылмыстық істің тіркелгенін жариялаймын», – деді Мейірман Шекеев.

Дау қалай басталды?

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бішкектен Астанаға студенттер алмасу бағдарламасы бойынша келген қыздардың онлайн эфирінен үзінді тараған еді.

Эфир барысында қыздардың бірі Қырғызстанда «Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішетіні» туралы сөз айтқан. Бұл мәлімдеме эфирге қатысқан өзге адамдардың да наразылығын тудырған. 

Даулы үзінді әлеуметтік желілерде кеңінен тарағаннан кейін желі қолданушылары қыздардың әрекетін айыптады.

Кейін студенттердің кешірім сұраған видеосы да жарияланды. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий