Қайрат Нұртастың концертінен соң тағы бір адам жауапқа тартылды

12.10.2026 • 12:09 Әсел МҰРАТ
Қайрат Нұртастың концертінен соң тағы бір адам жауапқа тартылды
173
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласында Қайрат Нұртастың концертіне қатысты әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқан әйел анықталып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция мәліметінше, әйел концерт барысында болған жағдайға қатысты шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялап, тұрғындар арасында негізсіз алаңдаушылық туғызған.

Полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар нәтижесінде әйелдің кім екені анықталды. Оған қатысты тиісті материалдар жинақталып, заңда белгіленген тәртіппен қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Шымкент қаласының полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауға жауапкершілікпен қарауға, таратылатын мәліметтердің шынайылығын тексеруге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Көрінеу жалған ақпарат тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий