«Мойыл көз момын көріктім». Тоқтар Серіков жарына ән арнап, желідегілердің жүрегін елжіретті

12.10.2026 • 12:46 Мөлдір ҚАЙНАР
«Мойыл көз момын көріктім». Тоқтар Серіков жарына ән арнап, желідегілердің жүрегін елжіретті
211
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тоқтар Серіков сүйікті жары Бейбіт Сейдуалиеваға арнап жан тебірентерлік ән шырқап, тыңдармандарын тәнті етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі жарының қасында отырып «Мойыл көз момын көріктім» деп әуелете ән салып, оған деген ыстық сезімі мен құрметін әсем әуен арқылы жеткізген. Жылдар өтсе де бір-біріне деген риясыз махаббатын сақтай білген жұлдызды жұптың бұл сәті әлеуметтік желі қолданушыларына ерекше жылулық сыйлады.

Көпшілік тыңдарман әншінің жанарындағы мейірім мен шынайы сезіміне сүйсініп, ерлі-зайыптыларға баянды бақыт тілеп, ақ тілектерін жаудырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий