"Кешірім сұрап үлгеріңіз": Айгүл Иманбаева үндеу тастады
Қазақстандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде әкесімен арадағы қарым-қатынасы туралы айтып, оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бала кезінде ата-анасы ажырасып кеткенін, арада ондаған жыл өткенде ғана әкесімен қайта табысқанын жеткізді.
"4-5 жасар бала күнімде ата-анам екі жаққа кетті. Мұны "артық драма" дерсіз, бәлкім. Бірақ арада 40 жыл өткенде, мен әкеммен қайта қауыштым. Сол сәтте ғана екі қанатым түгенделіп, жүрегім толыққандай күй кештім", – деп жазды Айгүл Иманбаева.
Сондай-ақ өнер иесі ата-анасына реніші бар жандарды кеш болмай тұрғанда кешірімді болуға шақырды.
"Егер сіздің де басыңызда осындай өкініш пен өкпе болса, менің тағдырым сізге сабақ болсыншы. Кеш болмай тұрғанда, ата-анаңыздың көзінің тірісінде жүректегі өкпені жіберіп, кешіріңіз. Кешірім сұрап та үлгеріңіз. Себебі шынайы кешірім адамға шексіз бақыт пен жан тыныштығын сыйлайды", – деді әнші.
Соңғы жаңалықтар