«Кешірім сұрай саламын»: Динара Сәтжанмен соттасқан емші мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
1037
Танымал продюсер Динара Сәтжанның арызы бойынша өтіп жатқан сот ісінде Ақтөбелік емші Бағдагүл сот отырысына қатысып, көпшіліктің назарын аударған мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Еске салайық, бұған дейін Динара Сәтжан әлеуметтік желіде өзінің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірілді деп есептеп, Ақтөбелік емшіге қатысты сот процесі басталғанын хабарлаған болатын.
Сот отырысына қатысқан Бағдагүл емші жауапкершіліктен құтылудың жолы ретінде кешірім сұрауы мүмкін екенін айтты.
«Кешірім сұрауға болады деді. Ертең мені мазақтап жүрмеңдер. Кешірім сұрай саламын енді. Сотталып кетпейін тағы, айыппұл төлеп. Орысша түсінбеймін деп айта саламын, маған бәрібір. Бәрі шындық. Мен тек шындықты айтамын. Бұрын сотталмағанмын», – деді ол.
Қазіргі таңда тараптар арасындағы сот процесі жалғасып жатыр. Соттың түпкілікті шешімі әлі жарияланған жоқ.
@bagdagul_synykshy_rezerv ♬ оригинальный звук - bagdagul_synykshy_rezerv
Соңғы жаңалықтар
06.09.2026
17:17
Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын...
06.09.2026
16:22
Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына шапан...
06.09.2026
15:18
Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстанға есе ж...
06.09.2026
14:14
Алматыда тұрғын үй кешенінің ауласында көлік ек...
06.09.2026
13:19
Путин Киевке соққы беруді тоқтатты: Мәскеудегі ...
06.09.2026
12:27
Алматыда дүкендегі жанжал төбелеске ұласып, ер ...