«Кешьюге барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев Баян Алагөзованың шамына тиді (ВИДЕО)

«Кешьюге барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев Баян Алагөзованың шамына тиді (ВИДЕО)
15.10.2025 12:09
0
199
Фото: Instagram.com / m_besbaev

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаевтың қазақстандық танымал шоуда «Кешью» тобын сынаған сөзі әлеуметтік желіде талқылануда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.. 
Жас таланттарды өзіне шақыратын шоуда Мейрамбек қатысушыны Баян мен Бағымды таңдамауға шақырады. 

«Мына екі кісіні таңдасаң, әрі кетсе «Кешьюға» барасың. Саған қамқоршы болатын аға керек. Сені қорғап, қолдап жүретін адам керек. Сен соны ойла. «Кешьюде» 1-2 жыл жұмыс істейсің, содан кейін жоғаласың. Бұл қыз сахнада көп жүру керек. Жақсы әрі мықты адамдармен жұмыс істеуі керек», - деді ол. 

Беспаевтың бұл сөзіне Бағым Мұхитденқызы ашуланып қалды. 

«Кешьюден кім жоғалды? Біз жеке проектермен де жұмыс істейміз. Және олар көп», - деп жауап берді музыкалық продюсер. 

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды. 

«Баян талайдың бағын ашқан адам», «Мәке, қатты кетіп бара жатсыз», «Бағым жынданып кетті», «Көкем манипулятор ғой», «Кешьюге барсаң абыройсыз боласың», - деді олар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий