"Кезінде Мөлдірді ертіп жүрмейтін еді": Тұрсынбек Қабатов екінші әйелімен көзге түсті
Тойлардың бірінде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов екінші әйелі Айманмен бірге көзге түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Салтанатты кеште әнші Қайрат Баекенов те өнер көрсеткен. Тұрсынбек Қабатовтың жұрт алдына екінші жарымен еркін шығып, өзін еркін ұстауы көпшіліктің назарын аударды. Әлеуметтік желіде тараған видео қоғамда қызу талқыға түсті.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, кейбірі қолдау көрсетсе, енді бірі сын айтқан.
«Тұрсынбек бақытты болсын», «Тұрсынбек ағамыз екінші келіншегімен бірге келген бе?», «Қипақтап, әзер отырыпты ғой Тұрсынбек»,«Бұл жерде Тұрсынбек қызық болып тұр ғой», «Кезінде Мөлдірді ертіп жүрмейтін еді, енді ашық болып кетіпті»,«Елге тік қарайтындай беті бар ма?»,«Тұрсынбек қысылып отырған сияқты», «Айман екен ғой, таптық», «Мөлдірмен жарқырап отырушы еді, қазір қорқып отырғандай», «Бәріне Тұрсынбек пен қасындағы адам қызық болып отырған сияқты», деп жазды жұрт.
Соңғы жаңалықтар