«Кімді меңзеп отырғаны белгілі»: дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева қазақы тәрбиенің өзегін ашып айтты

22.12.2025 09:57 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Кімді меңзеп отырғаны белгілі»: дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева қазақы тәрбиенің өзегін ашып айтты
0
101
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айгүл Елшібаева

Дәстүрлі әнші, домбырашы Айгүл Елшібаева Хабар арнасының «КешREC» бағдарламасына берген сұхбатында қазақы тәрбиенің терең философиясына тоқталып, бүгінгі қоғамда ұмытыла бастаған құндылықтар туралы ой қозғады, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесінің айтуынша, қазақ тәрбиесінің басты тіректерінің бірі — отбасының ішкі бірлігін сырт көзге жайып салмау. Ана — шаңырақтың ұйытқысы, ал оның басты міндеті — баланы да, отбасын да жұртқа жаманат етпеу.

«Үйдің бірлігі мен берекесі – іште сақталған сырда. Ана баласына да, отбасына да сырт көзге сын айтпауды үйретеді. Себебі ішкі мәселені жария ету – дұшпанға таба болумен тең», — дейді Айгүл Елшібаева.

Сұхбат барысында домбырашы қазіргі өнер кеңістігіндегі кейбір келеңсіз үрдістерге де назар аударды. Оның пікірінше, кәсіби деңгейі әлі толық қалыптаспай жатып, атақ пен танымалдыққа ұмтылатындар бар. Мұндай жандар кейде өнерімен емес, дау-дамай мен шудың арқасында көзге түсуге тырысады.

Айгүл Елшібаева үшін өнердің басты өлшемі — шынайылық пен кәсібилік. Өнер адамы өз саласында адал еңбек етіп, деңгейімен сөйлегенде ғана халықтың шынайы құрметіне ие бола алады.

«Өнер — айқаймен емес, тереңдікпен бағаланады. Әркім өз кәсібінде адал болса, атақ өзі-ақ келеді», — дейді ол.

Айгүл Елшібаеваның бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Бірі «Арқасы бар әнші, сөзі салмақты» десе, енді бірі оның айтқанын Мөлдір Мұқанова меңзеп отырғанын байланыстырып жатты. Алайда көпшілік өнер иесінің ойы жалпы қоғамға, жалпы үрдіске бағытталғанын атап өтті.

Бұл сұхбат — тек өнер жайлы әңгіме емес, ұлттық тәрбие мен отбасылық жауапкершілік туралы терең ой салатын маңызды пікір болды. Айгүл Елшібаева көтерген мәселе әр шаңыраққа, әр ата-анаға ой салары анық.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий