“Кінәлілер жазасын алады”: Ақмарал Әлназарова Маңғыстаудағы бала өліміне қатысты мәлімдеме жасады

09.08.2026 13:23 Қарақат АСЫЛОВА
“Кінәлілер жазасын алады”: Ақмарал Әлназарова Маңғыстаудағы бала өліміне қатысты мәлімдеме жасады
406
Фото-коллаж: Politico.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Маңғыстауда қаза болған 13 жасар баланың ісін жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Министрдің айтуынша, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің жоспардан тыс тексеруі және жергілікті атқарушы органдар құрған комиссияның жұмысы нәтижесінде Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен Ақтау қаласындағы №2 емханада медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету кезінде өрескел бұзушылықтар анықталған.

Тексеру қорытындысымен облыстық балалар ауруханасының директоры қызметінен босатылған.

Сонымен қатар медициналық көмек көрсетуге қатысты факті бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғаған. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жолданған.

Ақмарал Әлназарова медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты жағдайды бақылау жалғасатынын айтты.

«Мұндай жағдайлар формалды жауаптарды емес, нақты қорытындылар мен жүйелі шешімдерді талап етеді», – деді министр.

Сондай-ақ министр Астанада қаза болған баланың анасын жеке қабылдайтынын мәлімдеді. Ол отбасы үшін бұл орны толмас қасірет екенін айтып, кінәлілер заң аясында тиісті жазасын алуы керек екенін жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий