«Кірдің ішінде өмір сүретін халық»: Танымал блогер қазақтарды қорлап, тіл тигізді
Әлеуметтік желіде 2,1 миллион оқырманы бар ресейлік блогер Эльмира Ілясова қазақстандықтарды қорлайтын пікірлер жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
Threads желісінде бірнеше күн бойы блогердің (elle_happy_mom) жазбаларына қатысты дау басылған жоқ. Бұл Ілясованың оқырмандарымен сұрақ-жауап айдарында «Қазақстанда жүкті болып тұрмысқа шығу қалыпты жағдайға айналды» деген жауабынан басталған. Блогердің пікірінше, мұсылман елі саналатын Қазақстанда мұндай жағдай қалыпты деп саналады.
“Кешіріңіз, әрине, бірақ Қазақстанда қашаннан бері қыз баланың тұрмысқа шықпай жатып жүкті болуы қалыпты жағдайға айналған? Сіздер мұсылман елі емессіздер ме? Иә, мұндай жағдайлар барлық жерде кездеседі, бірақ сіздерде бұл тым жиілеп кеткен сияқты, тіпті үйреншікті жағдайдай көрінеді. Ұялыңыздар, күнәларыңызды жасырыңыздар”, – деп жауап берген.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде жылдам тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Қолданушылар оған Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін түсіндіруге тырысқанымен, Эльмира Ілиясова түгел ұлтты қорлауға көшкен.
Блогер бұл пікірімен тоқтап қалмай, қазақстандықтардың ашуын тудырған тағы бір жазба жариялады.
«Өмір бақи кірдің ішінде өмір сүріп, лас дүниеге әуес халық» деген жазбасы әлеуметтік желіде қатты резонанс тудырды.
Соңғы жаңалықтар