"Көкірегімді дәлелдеу үшін...": Аша Матай пікірталасқа шақырғандарға жауап берді

29.07.2026 09:48 Мөлдір ҚАЙНАР
286
Фото: видеодан скриншот

Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер болған Аша Матай соңғы күндері қоғам талқысына түсті. Бұған оның журналистердің сұрағына жауап беру сәті мен кейін әлеуметтік желіде тараған түрлі пікірлер себеп болды. Осыдан кейін заңгер Мейірман Шекеев оны ашық пікірталасқа шақырған еді, деп хабарлайды Politico.kz.

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікірталасқа қатысты өз ойын айтып, видео жариялады.

«Мені пікірталасқа шақырып жатқандар бар екен. Анамның үйреткені – қазақ қызына жеке мүддесін дәлелдеу үшін ер адаммен, оның үстіне ел ағасындағы ер адаммен сөз таластыру жараспайды. Айтарым бар, арманым бар, дей келе тәрбием жібермейді. Дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Көкірегімді дәлелдеу үшін дауласуға жоқпын, ел үшін бірігіп жұмыс істеуге бармын. Тырнақ астынан кір іздегенше бірге жұмыс істейікші, ағалар. Біздің жұмысқа ақыл қосамын, жүкті бірге көтеремін демесеңіздер де, тілектес болғандарыңыздың өзі маған және бізге үлкен күш. Көбіңіз мені сахна арқылы танисыздар, осы жолды сыйлаған тағдырыма дән ризамын. Өнер жолы маған ең басты нәрсені – халықтың мұң-мұқтажын көре білуді, қиындығын сезіне білуді үйретті. Сондықтан да мен Халық партиясындамын», – деді Аша Матай.

Желі қолданушылары "Дауласуға жоқпын демей заң білмеймін десейші", "Мейірман аға мықты заңгер ол сізді сөз таласыуға шақырған жоқ тек заң туралы біліміңізді көрейк деді", "Сөзіңізді кім жазып берді?" деген сияқты пікірлер білдіріп, ашық наразылықтарын көрсетіп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий