Көкшетауда жеке үйде екі газ баллоны жарылып, өрт шықты
747
Үйде екі газ баллоны бірінен соң бірі жарылған
Көкшетау қаласында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден ірі өрт шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомство мәліметінше, тілсіз жау шамамен 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің жылдам таралуына үй ішінде орналасқан екі газ баллонының өрт сөндірушілер жеткенге дейін жарылуы себеп болған.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, шақырту түскен сәттен бастап 40 минут ішінде өртті толық сөндірді. Сонымен қатар мамандар үй ішінен көлемі 27 литр болатын тағы екі газ баллонын сыртқа шығарып, ықтимал жаңа жарылыстардың алдын алды.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда. Мамандардың болжамынша, өрт қасақана қойылуы мүмкін.
Оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
17.09.2026
23:20
Үндістанда бес айдан бері тұрған кемеде Қазақст...
17.09.2026
22:20
Астанада тұрғын үй ауласында атыс болды: Полици...
17.09.2026
21:22
«Екі рет көмек сұрап шыққан»: Астанада ерлі-зай...
17.09.2026
20:44
«Балаларының көзінше ұрған»: Түркістан облысынд...
17.09.2026
20:07
“Ақша не үшін бердік?”: Степногорскіде ауланы ж...
17.09.2026
19:08
Павлодардағы аялдамада құшақтасып жатқан екі ер...