Алматыда 15 жастағы жасөспірім жартастан құлап кетті (ВИДЕО)
756
Алма-Арасанда 15 жастағы бала жарақат алып, эвакуацияланды
Алматы қаласының Бостандық ауданында, Алма-Арасан шатқалы аумағында жасөспірім жазатайым оқиғаға ұшырады, деп хабарлайды Politico.kz.
Терра алаңы маңында 15 жастағы бала жартастан құлап, аяғынан жарақат алған. Оқиға куәгерлері дереу құтқарушыларға хабар беріп, көмек сұраған. ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару қызметінің мамандары қалалық ТЖД құтқарушыларымен бірге оқиға орнына жедел аттанды.
Алма-Арасан пансионатына дейін жеткен құтқарушылар әрі қарай таулы аймаққа жаяу көтерілген. Қиын рельефке байланысты жол шамамен 2,5 сағатқа созылған.
Іздестіру барысында зардап шеккен жасөспірім табылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін құтқарушылар баланы қауіпсіз жерге эвакуациялап, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.
Қазіргі уақытта жасөспірім дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Соңғы жаңалықтар
01.08.2026
17:22
КҚК жұмысы толық тоқтай ма? Министрлік ресми жа...
01.08.2026
16:44
«Челси» Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады
01.08.2026
15:54
Мөлдір Әуелбековаға қатысты тағы бір шу шықты: ...
01.08.2026
15:14
«Мен құқық қорғау органында жұмыс істеймін»: Се...
01.08.2026
14:16
Мешітте мектеп оқушысын аяусыз ұрып соққан ақтө...
01.08.2026
13:00
Таиландтағы сұмдық: 17 жастағы Роман мен әпкесі...