Көлде қайық аударылып, 6 адам ажал құшты

Көлде қайық аударылып, 6 адам ажал құшты
23.06.2025 13:20
0
198
© AP

Калифорния штатындағы Тахо көлінде моторлы қайықтың аударылуы салдарынан кемінде алты адам көз жұмды, тағы екі адам хабар-ошарсыз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы Эль-Дорадо округі шерифінің кеңсесі хабарлады, деп жазады The Guardian.

Алдын ала мәлімет бойынша, 27 футтық моторлы қайық DL Bliss мемлекеттік паркіне жақын маңда үлкен толқынның әсерінен аударылған. Оқиға сенбі күні түстен кейін орын алған.

Қайықтағы жолаушылардың екеуі аман қалып, ауруханаға жеткізілген. Ал қалған екі адамның қайда екені әзірге белгісіз. Жексенбі күні таңертең іздестіру-құтқару және сүңгуірлер тобы операцияны қайта жалғастырмақ. Қаза тапқандардың есімдері жақын туыстары анықталған соң жарияланады.

Куәгерлердің айтуынша, сол күні Тахо көлінің үстінде күшті жел соғып, су бетінде қатты толқындар пайда болған.

“Бұл — Тахо көліндегі өте, өте қайғылы күн болды,” – деді қайық капитаны Джоби Чефалу South Tahoe News басылымына берген сұхбатында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий