"Көмектеріңіз керек": Шерзаттың әпкесіне аппелияциялық сот шешім шығарды
Қаржаубай Нұрымовтың немере әпкесі Бақыт Реймова халықты митингіге шақырғаны үшін айыпты деп танылып, 15 тәулікке қамалып шықты. Сонымен қатар шет елдің азаматы ретінде елден депортацияланатын болған.
Осы мәселе бойынша Бақыт Реймованың құқық қорғаушылары аппелияциялық шағым түсіргенін хабарлаған. Кеше, 26 желтоқсан күні аппелияциялық шағым қанағаттандырылмағаны туралы шешім шықты. Заңгер Мейірман Шекеев ендігі жоспарды айтты.
«Біз енді жоғарғы сотқа жүгінеміз. Бас прокуратураға шағым айтамыз. Жоғарғы сот бұл қаулыны бұзады деген үміттеміз. Себебі бұл жерде халықаралық талаптар өрескел бұзылып отыр. БҰҰ-на шығамыз. Бұл жерде баланың құқығы өрескел бұзылды. Сонымен қатар Бақыт Реймованың этникалық қазақ екені ескерілмеді”, - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Бақыт Реймованың кәмелетке толмаған баласы президенттен көмек сұрап, үндеу жолдаған еді.
Ақпарат orda.kz сайтынан алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
19:11
“Есікті бұғаттап, ұрып жіберді”: Алматыда бойже...
16.10.2026
18:11
Жалған қызметтер мен күмәнді аударымдар: Боқаев...
16.10.2026
18:11
Павлодарда прокуратура қызметкері қағып кеткен ...
16.10.2026
17:42
Еңбек министрінің отбасы қай санатқа жататыны б...
16.10.2026
17:01
Жолбарыс, киік, итбалық және Конституция: Тоқае...
16.10.2026
17:00
«Ер адамның алдында бұралаңдап»: Желіде Мадина ...