"Көңілдесі бар. Өлгім келді": Мөлдір Мұқан Қабатов жайлы бар шындықты айтты

02.11.2025 00:04 Мөлдір Талғат
0
544
коллаж politico.kz

Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов туралы алғаш рет ашық айтты.

Ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында 14 жыл бұрынғы некесінің не себепті бұзылғанын егжей-тегжейлі баяндап, сол кезеңде бастан өткерген ауыр сәттерімен бөлісті.

«Бір күні Тұрсынбектен СМС келді: “Сонымен не істейміз, ажырасамыз ба?” деген хабарлама келді. Сол сәттен кейін бәрі өзгерді. Көп ұзамай оның көңілдесі бар екенін білдім. Пәтер, көлік, қымбат тон мен бриллиант сыйлап жүргенін естігенде, жүрегім ауырды. Бұл жағдай мен үшін үлкен соққы болды. Тіпті өмірден түңіліп, бәрін тастағым келген сәттер де болды», – деді Мұқанова көзіне жас алып.

Оның айтуынша, бүгінде олардың балалары әкесін жиі еске алады және сағынышын жасыра алмай, суретке түсіп “әкеме жібер” деп өтінеді екен. Алайда ата-анасының әлеуметтік желілерде бір-бірін бұғаттап тастауы бұл байланысты қиындатып отыр.

«Балалар үнемі әкесін сұрайды. Фотоға түсіп, “әкеме жіберші” дейді, бірақ жібере алмаймыз. Кейде мен де өткенді еске аламын, Тұрсынбекпен өткізген әдемі сәттер есіме түседі. Бір күні “кездесейік” деп те жаздым, себебі адам ретінде сағынамын. Бірақ ол ешқашан кешірім сұрап, қайта оралған жоқ», – деді Мөлдір Мұқанова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий