Конституциялық құрылымды күшпен өзгертпек болған: Атырауда 10 адамнан құралған экстремистік топ ұсталды

Конституциялық құрылымды күшпен өзгертпек болған: Атырауда 10 адамнан құралған экстремистік топ ұсталды
Фото: ҰҚК

Атырау қаласында экстремистік топ құруға, терроризмді насихаттауға және діни алауыздықты қоздыруға күдікті 10 адам ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті олардың балалар мен жасөспірімдерге арналған үш жасырын оқу орталығын құрғанын анықтады.

ҰҚК мәліметінше, 30 қазанда прокуратура органдарының үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында күдіктілер бір мезгілде қолға түскен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгертуге ұмтылған.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту кезінде атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған үш жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды.

ҰҚК хабарлауынша, топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу