Бекжан Тұрыс ұлының үйлену тойын ерекше форматта өткізді
Актер Бекжан Тұрыс ұлының үйлену тойын ұлттық салт-дәстүр мен театр элементтерін тоғыстыра отырып ұйымдастырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жас жұбайлар Мағжан мен Еңлікті қарсы алу сәтінде қыз-жігіттер "Жар-жар" жырын өзгеше үлгіде орындап, қонақтарға опера театрындағыдай ерекше әсер сыйлады. Мерекелік кеште қазақтың ұлттық ойындарына да мән беріліп, қол күрес пен "қыз қуу" сайыстары өтті. Жиынға қатысқан меймандарға сый-тарту ретінде ұлттық дәм – қазы таратылды.
Салтанатты кештің мәдени бағдарламасын дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев бастаған өнер жұлдыздары жалғастырды. Көпшілікке ұсынылған кеш барысы желі қолданушыларының да назарына ілікті.
«Керемет! Кеудеңді мақтаныш кернейді. Қыздар өздеріне тән жіңішке дауыспен ерекше жар-жар айтты. Ер азаматтардың жар-жары тіптен керемет. Бәрі қосылып шуылдап айтқанша мынау өте ерекше!», – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
13:25
Конституциялық құрылымды күшпен өзгертпек болға...
02.11.2026
12:29
ЖИ арқылы марқұмның фотосын «тірілту» күнә ма: ...
02.11.2026
12:15
Бекжан Тұрыс ұлының үйлену тойын ерекше форматт...
02.11.2026
11:49
Тоқаев Қарағанды облысына барды
02.11.2026
11:02
Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастаған әйелге с...
02.11.2026
10:59
Ташкентте қарағандылық 15 жас футболшы аурухана...