Көптен бері көрінбей кеткен Әлия Назарбаева ел алдына шықты

08.07.2026 12:43 Әсел МҰРАТ
Көптен бері көрінбей кеткен Әлия Назарбаева ел алдына шықты
171
Фото: instagram/aida_aliyeva_

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Аида Әлиеваның туған күніне арналған кештен жарияланған фотосуреттер әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Желі қолданушылары мерекелік кештің сән-салтанатынан бөлек, оған қатысқан қонақтардың құрамына ерекше назар аударуда.

Көпшіліктің назарын ең алдымен жарияланған кадрлардың біріндегі Әлия Назарбаева аударды. Соңғы бірнеше жылда ол қоғамдық кеңістікте өте сирек бой көрсеткендіктен, оның отбасылық шараға қатысуы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр.

Сонымен қатар фотоларда туған күн иесінің жұбайы Нұрәлі Әлиев пен оның анасы Дариға Назарбаева байқалмаған. Бұл жайт та желі қолданушылары арасында түрлі болжам мен пікірдің тууына себеп болды.

Сондай-ақ Нұрали Әлиевтің жұбайын әлеуметтік желідегі парақшаларында туған күнімен көпшілік алдында құттықтамағаны да көпшілікке ой салды.

Еске салайық, Аида Әлиева – Қазақстанның бұрынғы әділет министрі және Орталық сайлау комиссиясының экс-төрағасы Берік Имашевтың қызы.

Войдите, чтобы оставить комментарий