Коспаевтың қылмыстық тобына қатысты жер алаяқтығы үшін үш адам сотталды

06.02.2026 14:34 Арман Ермеков
Коспаевтың қылмыстық тобына қатысты жер алаяқтығы үшін үш адам сотталды
289
Фото: Jibek Joly

Алматыда мемлекетке тәркіленген мүлікті заңсыз иемденуге тырысқандар жаза арқалады, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыстық топ «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіне жалған дерек енгізген. Олардың мақсаты – сот шешімімен бұғатталған мүлікті босатып, өз аттарына аударып алу болған.

Бұл мүлік бұған дейін Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс аясында бұғатталған еді. Еске салайық, 2025 жылдың қаңтарында рейдерлік жолмен кәсіпорындарды («AV-Construction», «Стекольный завод», «Шалқар 17», «Бахар-А» ЖШС) басып алған Қоспаевтың сыбайластарына сот үкімі шыққан болатын. Сол шешімге сәйкес, Алматыдағы «Никольский» базарының аумағында орналасқан «Nikolsky Investment» ЖШС-не тиесілі жер телімі мен мүлік мемлекетке өтуі тиіс еді.

Алайда, тергеу барысында анықталғандай, 2025 жылдың қыркүйегінде Аслан Пухаев, Антон Соловьёв және Жақсылық Сәрсенбаев есімді азаматтар астыртын әрекетке барған. Олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының базасына кіріп, жалған мәлімет енгізу арқылы мүлікке қойылған шектеуді заңсыз алып тастаған.

Кейіннен құны 2,2 миллиард теңгеге бағаланған жер телімі мен мүлікті сату үшін оны жалған тұлғалардың атына қайта рәсімдеген.

Сот үкімімен үш айыпталушы да кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. Заңсыз шығарылған мүлік толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий