"Кумирім қарамайды деп ойладым". Танымал актриса сүйіктісімен қалай танысқанын айтты
Актриса Сая Оразғалиева өзінің жеке өмірі мен сүйіктісімен қалай танысқаны туралы айтып берді. Желідегі қаңқу сөздерді теріске шығарған ол бұл қарым-қатынастың ешқандай жоспарланған пиар немесе хайп еместігін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Сая Оразғалиева «Мамский әңгіме» подкастында әңгімеледі.
Сая Оразғалиева әлеуметтік желідегі таныстықтың қалай басталғанын түсіндірді.
«Бұл жерде ешқандай хайп немесе жоба жоқ. Осыған дейін мұндай әрекеттермен танылмағандықтан, жұрттың «бұл хайп шығар, жоба шығар» деген сөзіне таңғалдым. Мен мұндай нәрселерге мүлде қарсымын. Әлеуметтік желіде біреумен белгілі бір мақсатта «ойын ойнау» мен үшін қолайсыз. Негізі мен Аршапаев пен Макошаға жазылған болатынмын. Ол менің лентамда арасында шығып тұратын. Видеосын көріп, келбеті сүйкімді көрінген соң, «осы бұрын жазысқан жоқпыз ба?» деп тексермек болып, парақшасына өттім. Сөйттім де, байқаусызда «жазылу» батырмасын басып жібердім. Содан «қап» дедім. Ол маған: «Бір күні оны әдейі істегеніңді мойындайсың деп үміттенемін» дейді. Мен іштей: «Енді қайтадан жазылудан бас тартсам, менде ресми белгі болғандықтан, оған бірінші болып көрінеді, ол мені «біртүрлі екен» деп ойлайды» деп қатты састым. Не істерімді білмей, «жарайды, қайта жазылса — жазысармыз, болмаса сәлден соң білдіртпей шығып кетермін» деп ойладым», — деді Сая Оразғалиева.
Актриса болашақ жұбайының тарапынан көрсетілген алғашқы қамқорлыққа тоқталды.
«Ал ол бұл уақытта психологының қасында отырып: «Сенесің бе, ол маған жазылды! Бұл — менің жас кезімдегі кумирім!» деп айтып жатыпты. Ол кезінде «Вузеры» сериалын көріп, 16 жасында: «Ол маған ешқашан қарамайды» деп ойлаған екен. Мен оған: «Ешқашан «ешқашан» деме, «Вузерыдағы» кумиріңнің саған қарау ықтималдығы өте аз болса да, ешқашан нөлге тең емес» дедім. Осылайша бір-бірімізге жазылдық. Мен ол кезде басқа қарым-қатынаста едім. Кейін желіде реакциялар білдіріп, әзілдесіп, сторисқа жауап жазып, сөйлесе бастадық. Ол маған өте жас әрі бала сияқты болып көрінді. «Инстаграмда сөйлесе берейік, ақша сұрамайды, ешкім сөкпейді» деп ойладым. Сол кезде спортпен белсенді айналысып жүріп, тізем ауыра бастады. Жасым да келіп қалды ғой. Оған: «Сен тренерсің ғой, осы саланы түсінесің, тізем ауырып жүр» дедім. Ол: «Сен бірден ауыр салмақ көтеріп, қарқынды бастап кеткен сияқтысың» деді. Ол маған: «Дүйсенбіде сағат пәленде не істейсің? Мен сені дәрігерге жазып қоямын» деді. Мен таңғалдым. Әрекетінен нағыз ер азаматтың мінезі, қамқорлығы білінді. Небәрі кішкентай деталь болғанымен, үлкен назар аудару еді. Мәселені қалай шешу керегін айтып қана қоймай, бірден өз қолына алды», — деді актриса.
Сондай-ақ ол ажырасуының себебіне қатысты сыбыстарға жауап берді.
«Бұл 14 ақпанның қарсаңы еді. Ол мені жаздырды да, маған: «Клиникадан 14 ақпанға сенің телефон нөміріңді сұрап жатыр» деп жазды. Мен: «Үш күн сұрамаған нөмірді бүгін сұрады ма? Жарайды» деп нөмірімді бердім. Ол маған әзілдеп: «Ажырасқан бойда бірден ұстап алдым ба?» деді. Мен ажырасқаныма бір жыл болғанын айттым. Адамдарға біреудің өмірі тез өтетіндей көрінеді, желіде «Сая ол үшін ажырасып кетті» деп те жазды, бірақ менің ажырасқаныма жыл толған еді. Мен 10 жыл бойы жүре алмаймын, аза ұстайтындай ешкім өлген жоқ. Ол маған: «14 ақпанға қандай жоспар бар?» деді. Мен балалармен болатынымды айтып, бара алмайтынымды жеткіздім. Ол болса, мені басқа біреумен кездеседі деп ойлап калыпты. Содан дәрігерге өзім бардым. Ол өзі төлеп қойыпты. 14 ақпанда маған гүл жіберіп, тіземе арнап әзіл өлең жазып жіберді. Бірақ біз ол кезде әлі жүзбе-жүз кездескен жоқ едік», — деді жұлдыз.
Сая Оразғалиева алғашқы медициналық тексеруден өту кезінде болған қызықты оқиғаны бөлісті.
«Дәрігер маған: «Анализ тапсыру керек. Тіпті бұл жыныстық инфекциядан да болуы мүмкін» деді. Мен: «Олай болуы мүмкін емес» дедім. Дәрігер: «Сөзіңізге сене алмаймын, тапсырыңыз» деді. Мен күліп, сыртқа шықтым да, оған дәрігердің айтқанын жеткіздім. Ол маған бағыттама беріп, анализ тапсыруға жіберді. Клиникада отырғанда өте ыңғайсыз жағдай болды. Мені бәрі танып тұр. Кенеттен медбике дауыстап: «Оразғалиева, сіз бе? Трихомонадаға анализ тапсырасыз ба?» деп айғайлады. Мен ұялғаннан қайда кірерімді білмей, іштей: «Осы масқара қашан бітеді, жай тізем үшін осылай ұялуым керек пе?!» деп отырмын. Ол маған: «Нөмірімді бер, есепшотты маған жіберсін» деп жазды. Мен: «Жыныстық инфекцияның анализін саған төлеткізуге ұяламын» дедім. Өзім төлеп, оған бәрі таза екенін, тіземнің одан ауырмағанын айттым. Ол бәрібір есепшотты сұрап, өзі төлеп берді. Негізі, бұл оның да мүддесінде еді ғой, ертеңге жоспарлары болса, таза екенімді біліп жүрсін дедім. Менің адал екеніме көзі жетті. Міне, біздің қарым-қатынасымыз осындай қызықты әрі күлкілі оқиғадан басталды», — деді Сая Оразғалиева.
Соңғы жаңалықтар