«Күйеуімнің назарын ғана емес, ақшасын да тартып алдың»: Бағым Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға ауыр айып тақты
Продюсер Бағым Мақсатқызы желіде өзі туралы «Құдай сақтасын, бетін аулақ» деп жазған бұрынғы шәкірті Мөлдір Әуелбековаға қатысты ашық әрі шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Желі қолданушыларының бірі әншіге «Моля, ұстазыңызбен достасыңыз» деп кеңес берген кезде, Мөлдір онымен қайта араласудан үзілді-кесілді бас тартқан еді. Бұл сөз продюсердің ашуын туғызып, ол көптен бері іште сақтаған өкпе-ренішін жайып салды.
Бағым Мақсатқызы әншінің жасаған жақсылықты ұмытып, сатқындыққа барғанын айтып, оны ашық айыптады:
«Үнсіздікті әлсіздік деп қабылдап жүрген «шәкіртім», ақылға тоқтайтын жасқа жетсең де, басқа сыймайтын әрекет жасап, артық сөз сөйлеуді қоймапсың. Құдайға шүкір айтып отырып, сол құдайдың «жақсылық жасаған адамға алғыс айт» деген аманатының орнына «бәлесінен аулақ» деуің дұрыс па? Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, «бәріне өз күшіммен жеттім» деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па? Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па?»
Сондай-ақ продюсер жылдар бойы бұл ауыр жағдайды іштей көтеріп келгенін, алайда бұдан былай өз тарапына сөз келтірмейтінін ескертті:
«Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па? Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па? Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын. Дәл осы ән сені Елге танытты, атақ әкелді, әлі күнге дейін табыс әкеліп отыр. Сондықтан, қайдан шыққаныңды, кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа…», деді ол.
Соңғы жаңалықтар