Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтын болды
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта оның күйеуі Әділет Зейнел бұрынғы өтінішінен бас тартып, жәбірленуші ретінде қалатынын айтты. Бұған дейін ол өзін жәбірленушілер қатарынан шығаруды сұраған еді, деп хабарлайды Politico.kz.
Астанада жалғасып жатқан сотта бүгін тараптар жарыссөзге кіріспес бұрын, судья қатысушылардың өтініштерін тыңдады. Судья Меруерт Абаева Зейнелдің сот басталғанда берген өтінішін еске салды. Сол кезде сот өтінішті қанағаттандырмай, Зейнелден жауап алынған соң бұл мәселені қайта көтеруге болатынын түсіндірген.
Бүгін судья одан бұрынғы өтінішін қолдай ма, әлде жәбірленуші мәртебесін сақтағысы келе ме деп сұрады. Әділет Зейнел өтінішінен бас тартатынын және осы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып қалатынын растады.
Алғашқы сот отырысында Зейнелдің адвокаты Мұрат Мауметов журналистерге оның жәбірленуші мәртебесінен бас тартқысы келетінін айтқан болатын. Адвокаттың түсіндіруінше, Зейнел жәбірленуші ретінде Ұлдананың анасы қатыссын деген ниетпен осындай өтініш берген.
Соңғы жаңалықтар