Мұғалімдерге алғашқы көмек көрсету ережелері түсіндірілді
443
Ақтауда 100 жас маманмен «Алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек?» тақырыбында практикалық кездесу өтті. Кездесуге Маңғыстау облыстық және шұғыл медициналық жәрдем станциясының» фельдшері Г.Базаева және И.Орашова келді.
Алғашқы медициналық көмек — дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі керек шаралар кешені. Осы орайда мамандар мұғалімдерге оқыс оқиға болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетудің жолдарын түсіндірді.
Атап айтқанда, адамнан қан кетсе, ең алдымен оны тоқтатуға тырысу керек. Себебі көп қан кету адам өміріне қауіпті. Ал сүйек сынғанда сүйектің тұтастығын қалпына келтіруге, қан кетуді тоқтатуға, жараны антисептикалық өңдеуге, аяқ-қолды иммобилизациялау маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар алғашқы көмек көрсеткенде науқастың қосымша ауырсынуына жол бермеу керек. Науқасты медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге өте мұқият жеткізу қажет екенін ескертті.
Шара барысында мұғалімдер толғандырған сұрақтарын қойып, пікірімен бөлісті.
Айта кетейік, кездесу «Жас маман» жобасы аясында өткізілді. Жобаны «Жеті жұрт» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысы негізінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ бірлесе ұйымдастырып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
28.07.2026
11:11
"Кешірім сұрап үлгеріңіз": Айгүл Иманбаева үнде...
28.07.2026
10:52
Бибісара мен өзбек шахматшысы Синдаровты не бай...
28.07.2026
10:02
15 млн теңге қалыңмал: Алтынай Жорабаева құдала...
28.07.2026
09:28
Танымал әндердің авторы өмірден өтті
28.07.2026
08:39
Жол дауы басылмай жатып түркістандық депутатқа ...
27.07.2026
23:21
36 жастағы атыраулық балаларын есірткіге айырба...